«Энергоинформ» акционерлік қоғамы

«Энергоинформ» мекемесін қайта құру жолымен құрылған «Энергоинформ» АҚ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (KEGOC) » АҚ-ның 100 % еншілес компаниясы болып табылады.

«Энергоинформ» АҚ-ның мемлекеттік тіркеу күні – 2010 жылғы 29 қараша.

«Энергоинформ» АҚ орталық кеңсесі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында орналасқан.

Компания миссиясы – ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, ҚР БЭЖ (Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесі) ақпараттық-телекоммуникациялық кешенін тиімді дамыту мен сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

2017 жылғы 1 қаңтарда Компанияда 817 адам жұмыс істеді, оның ішінде 768 - өндірістік персонал «Энергоинформ» АҚ әсіресе халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының қатысуымен ҚР ҰЭЖ (Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісі) салу және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруда айтарлықтай тәжірибеге ие.

Компания дамуының стратегиялық бағыты ҚР БЭЖ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерінің сенімділігін арттыратын инновациялардың енгізілуі болып табылады.

Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін оның алдына мынадай міндеттер қояды:

  1. «KEGOC» АҚ-ның және ҚР БЭЖ субъектілерінің АТЖ сенімді жұмыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  2. ҚР энергия нарығының жүйесіне көкейкесті шешімдер енгізу
  3. ҚР энергия нарығы субъектілерінің инфрақұрылымдық кешендерін дамыту
  4. Компания құнының өсу көздерін әртараптандыру

2016 жылғы 31 желтоқсанда:

Меншік капиталының мөлшері – 3,092 млрд. теңге;

Қоғам активтері – 3,664 млрд. теңге;

Қаржы нәтижесі - 249,19 млн. теңге.

«Энергоинформ» АҚ-ның Жарғылық капиталы әрқайсысының номиналдық құны 10 000 теңге 217 970 дана жай акциялардан тұрады.

Шығарылған жай акциялар саны – 700 000 дана.

Орналастырылмаған акциялар саны – 482 030 дана.

Жай акцияларды Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқық беріледі.

Жай акция сонымен Жалғыз акционерге Қоғамда таза табыс болған кезде дивиденттер алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны жойған кезде Қоғамның жарты мүлігін алуға құқықтар беріледі.

Жаңалықтар

30.11.2017 / / «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі өткізілді

«Энергоинформ» АҚ-ның мәселелері бойынша «Энергоинформ» АҚ-ның Жарғысына және Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгертулер мен толықтырулар бекітілді.

10.11.2017 / «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кунтәртібі бекітіліп, келесі шешімдер қабылданды

1. «KEGOC» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 26 қазандағы (№23 хаттама) шешімімен «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясының іске асыру жөніндегі «Энергоинформ» АҚ-ның қызметіне қатысты «KEGOC» АҚ күту хаты бекітілді. Директолар кеңесі «Энергоинформ» АҚ-ның Басқармасына «Энергоинформ» АҚ «KEGOC» АҚ-ның Күту хатын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және Директорлар кеңесінің кезекті отырысында бекітуге енгізуді тапсыруға шешім қабылдады.

2. «Энергоинформ» АҚ-ның Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды алдын ала қарастырылып мақұлданды.

3. «Энергоинформ» АҚ Даму жоспарының орындау туралы 2017 жылғы тоғыз айы үшін есебі қарастырылыды.

4. «Энергоинформ» АҚ-ның басшылары қызметінің 2017 жылдың тоғыз айы үшін нақты мәндері бар негізгі көрсеткіштер картасы қарастырылды.

5. «Энергоинформ» АҚ-ның 2018-2022 жылдарға арналған Даму жоспары (Бизнес-жоспары) бекітілді.

6. «Энергоинформ» АҚ-ның тәуекелдері бойынша 2017 жылдың үшінші тоқсанының есебі бекітілді.

7. «Энергоинформ» АҚ-ның 2016-2017 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2017 жылғы тоғыз айы үшін орындалу есебі қарастырылды.

8. «Энергоинформ» АҚ-ның 2016-2017 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

9. «Энергоинформ» АҚ-ның ақпаратты ашу ережесіне өзгерістерді бекітті.

10. «Энергоинформ» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2017 жылдың үшінші тоқсан үшін есебі қарастырылды.

11. «Энергоинформ» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің басшысы мен Корпоративтік хатшысына 2017 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды.

15.08.2017 / «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Кунтәртібі юойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. «Энергоинформ» АҚ-ның 2017 жылдың бірінші жартыжылдықта Даму жоспарын орындау есебі назарға алынды.

2. «Энергоинформ» АҚ-ның 2017 жылдың екінші тоқсандық тәуекелі бойынша есебі бекіттілді.

3. «Энергоинформ» АҚ-ның 2016-2017 жылдарға арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында орындалу есебі қарастырылды.

4. «Энергоинформ» АҚ-ның басшылары қызметінің негізгі көрсеткіштер картасының 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін нақты мәндері қарастырылды.

5. «Энергоинформ» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2017 жылдың екінші тоқсандық есебі қарастырылды.

6. «Энергоинформ» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің басшысы мен Корпоративтік хатшысына 2017 жылдың екінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды.

04.07.2017 / «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Кунтәртібі юойынша келесі шешімдер қабылданды

1. Сауда-саттықты төмендетуді қолдана отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен саты алудың қорытындысы негізінде «Royal Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС-гі «Энергоинформ» АҚ (жалпы алаңы 27, 8042 Га 6-жер телімі) акциясының төлеуге тапсырыслған мүліктітің нарықтық құнын бағалау жөнінде бағалаушы болып анықталды.

2. «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгерістер мақұлданды.

3. «Энергоинформ» АҚ-ның Корпоративтік хатшысы туралы ережесі жаңа басылымда бекітілді.

4. «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесіне мерзімдік есеп (ақпарат) ұсыну ережесі бекітілді.

16.06.2017 / «Энергоинформ» АҚ-ның директорлар кеңесінің жаңа мүшесі сайланды

«KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесінің – Жалғыз акционердің 2017 жылғы 16 маусымындағы шешімімен «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшесі Жақыпбаев Қ.Т өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «Энергоинформ» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып Сафуани Төлеген Есенқулұлы сайланды

010000 г. Астана
Тәуелсіздік даңғылы, 59
Факс (7172) 690510
Тел (7172) 690780

бұлжтыптай, толық оқу...